Мемлекет басшылары бейресми кездесу өткізді

/uploads/thumbnail/20170710131100322_small.jpg

Қырғызстан президенті мемлекеттік іс сапармен Мәскеуге келді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі  Liter  мәліметтіне  сүйене отырып хабарлайды. 

19 маусым күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бейресми  кездесу өткізді. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы халықаралық  мәселелер мен өзара ынтымақтастықты     талқылады.  Бұл туралы  Ресей Федерациясының баспасөз-хатшысы  Дмитрий Песков екі жақты келіссөздің негізгі бөлімі бүгін,  20-шілдеде  өтетіндігін хабардар етті.

Келіссөз барысында Еуразиялық кеңістіктегі халықаралық мәселелер, екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді ілгерілетудің түрлі аспектілерін талқылау көзделіп отыр. 

Сондай-ақ  Қырғызстан мен Ресей арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті нығайту туралы декларация мен  қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы келісімдерге  қол қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар, көші-қон мәселесі мен қаржы саласында да келіссөздер жүргізілмек. 

Келесі күні Алмазбек Атамбаев премьер-министр Дмитрий Медведьевпен  кездесуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік іс сапар аясында Қырғызтан президенті Башқұртстан мен Татарстанға да баратындығын атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан басшысы  ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында өз орнын босатуға тиіс. Себебі, Қырғызстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет басшысының лауазымына қайта сайлануға мүмкіндік жоқ.  Кезекті президент сайлауы  осы жылдың 15 қазанына белгіленіп отыр. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар