Ыстамбұлда жарылыс болды. Жарылыс Ыстамбұл кеңселерінің бірінде орын алып, жанындағы автокөлік отқа оранды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Рамблер ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Оқиға Ыстамбұлдың Мәлтеп ауданында орын алған. Жарылыстың себеп-салдары әлі анықталған жоқ. Жарылыстың әсерінен зақымданған автокөлік залалсыздандырылды. Зардап шеккендер әзірге жоқ. Оқиға орнын полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер қоршауға алды.
Шолушы: Ақерке Маратқызы