Дәурен Абаев өз есебінде қазіргі таңдағы БАҚ-тағы үлкен проблема -сенсациялық жаңалықтардың порталдар мен электронды ресурстарда көптеп көрініс табуы екендігін айтты. Электронды БАҚ өз рейтингісін жоғары ұстау үшін қайғылы жағдайға ұшыраған, зардап шеккен, зорлыққа душар болған адамдар, балалар туралы жеке ақпараттарды жариялайды.
Орайда ешқандай моральдік құндылықтар ұмытылатынын атап өтті. Сонымен бірге, қазіргі интернеттегі ақпаратты сұрыптау мен іріктеу мәселелерін де министр өз сөзінде айтып кетті. Балаларды бұрыс жаңалықтардан, психологиясына әсер ететін ақпараттардан, зиянды сайттар мен ресурстардан қорғау жүзеге асырылуы тиіс екендігін жеткізді.
Шолушы: Назерке МҰСА