Еврей дәрігерлерінің араб балаларына жасаған жантүршігерлік тәжірибелері әшкере болды

/uploads/thumbnail/20170710161101421_small.png

Израильдік дәрігерлердің араб балаларына жасаған жантүршігерлік тәжірибесі әшкере болды

Израиль елінде араб балаларына жасаған еврейлік дәрігердің жантүршігерлік тәжірибелері әшкере болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Al Arabiya сайтына сілтеме жасап.

Израильде дәрігерлердің йемендік балаларға жасаған тәжірибелерін әшкере еткен мәліметтер БАҚ беттерінде жарияланғаннан соң арабиялық балаларды іздестіретін арнайы комиссия құрамы жасақталып, үлкен жиналыс өтті.

Йемен, Шығыс және Балкан елдерінде жоғалып кеткен балаларға қатысты құрылған Кнессета комиссия құрамы 20 жыл бұрын босқын балаларға жасаған жантүршігерлік тәжірибені айғақтайтын құжаттарды қарастырған.

1996-1997 жылдары Израильде мыңнан аса бала хабарсыз жоғалып кеткендігі жайында ақпараттарды жинаған. Жоғалған балалардың тағдыры жайында олардың отбасы әлі күнге дейін ешнәрсе білмейді.

Деректерде көрсетілгендей, еврейлік дәрігерлер балаларға туыстарының рұқсатынсыз адам шошырлық тәжірибелер жасаған.

БАҚ беттерінде жарық көрген ақпараттарда көрсетілген суреттерді қарап отырып, ондағы балалардың ішіне фломастермен иврит тілінде ағзалардың аттарын жазып қойғандығын көруге болады.

«Балаларды қорғау керек жерде олар жоғалып кеткен», - деп мәлімдеді комиссия төрағасы Нурит Корен.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар