Брюссельде жарылыс жасаған адам тұтқындалды

/uploads/thumbnail/20170710161112733_small.jpg

Брюссельдің полиция қызметкерлері жарылыс жасауға әрекеттенген  34 жастағы Мороккалық азаматты тұтқындады. Ол құпия жоспарын  Брюссельдің орталық теміржол вокзалында ұйымдастыруға әрекеттенген жерінен ұсталды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ВВС ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Әзірге қылмыскердің аты-жөні анықталған жоқ. Жергілікті тәртіп сақтау қызметкерлері күдіктінің  Моленбек  ауданында тұрып жатқан үйіне тінту жүргізді. Брюссель тергеушілерінің айтуы бойынша Париждегі  террорлық әрекетке қатысы бар күдіктілердің сыбайласы болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік қанды қол әрекетке барған басқыншылар да осы ауданнан тұтқындалған болатын.

Қазіргі таңда қатаң тергеу шаралары қолданылып, жарылыс орын алған  маңай қатаң тәртіппен бақылауға алынды. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы

Қатысты Мақалалар