Головкин спорттық карьерасын тоқтатуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170710161115686_small.jpg

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин карьерасын аяқтау туралы пікірін айтты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек спорт жолында соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін жасырмады. «Жекпе-жектен кейін аяқтауым мүмкін. Бірақ жалғастыруым да бек мүмкін. Жағдайым жақсы. 30-дамын, бірақ әлі де 25 жастағы жігіт сезінемін. Бұл бокс, футбол емес. Бұл ойын емес, шайқас, әрбір шайқас күрделі», – деді Головкин.

 Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. «Канело»-Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.
Шолушы: Айгерім Таубай

 

Қатысты Мақалалар