Павлодарда суға шомылуға шыққан 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170710161126030_small.png

Павлодарлық құтқарушылар мен еріктілер екінші күн қатарынан 15 жастағы Никита Кизибаевты іздестіруде, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  pavlodarnews.kz тілшісі.

Ер баланың суға батып кеткені туралы ақпарат кеше Instagram әлеуметтік желісіндегі «Клуб добряков Павлодар» тобында жарияланды. «Бүгін Кизибаевтардың отбасы қайғылы жағдайға тап болды. Олардың ұлдары Мичурин ауылының тұсында Ертіс өзеніне батып кеткені туралы ақпарат тарауда. Баланы куәгерлер судан сақтап қала алмаған», - деп жазылған хабарламада.

Еріктілер моторлы қайықтары бар тұрғындардан көмек сұраған. Желі қолданушыларының кейбірі баланың жүрек ауруы бар болуы мүмкін деген пікір қалдыруда. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік басқармасының бастығы Әскербек Омаровтың хабарлауынша, іздеу шарасына жеке құрамның бір суда жүзу теникасы мен үш қызметшісі тартылған.

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар