Синоптиктер маусымның 22-сі мен 24-і күндеріне ауа райын болжады. Ауа райына сәйкес, алдағы үш тәулікте республикада күн өте қатты ыстық болып, оңтүстікте ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі деп, хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «Қазгидромет» мәліметіне сүйеніп.
«Батыс Сібір арқылы бірінен кейін бірі белсенді циклондар көшуде. Осылармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды желдің күші секундына 15-25 метр болады»,-деп хабарлады метеорологтар.
Республиканың батысы мен солтүстігінде фронттардың өтуімен ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта ауа температурасы климаттық нормадан 4-7 градустан жоғары болып сақталады.
Қазақстанның оңтүстігінде, алдағы тәуліктерде өте ыстық болады, осында күндізгі ауа температурасы 33-39 градус, кей жерлерде 40-45 градус ыстық болады деп болжануда.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыс, оңтүстік-батысан соғады, күші секундына 9-14 метр болады. Ауаның температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 29-31 градус ыстық болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші секундына 0-5 метр болады. Ауаның температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 32-34 градус ыстық болады.
Шолушы: Айгерім Таубай