2,5 мыңнан астам адам Солтүстік Корея түрмесінеде азап шеккен Отто Уормбирдің жерлеу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Риа Новости ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Есеріңізге сала кетейік, Солтүстік Кореяның түрмесінде қатаң тәртіптің салдарынан әбден азап шеккен, америкалық студент өз еліне келіп көз жұмған болатын.
Жерлеу рәсімі Огайо штатының Вайоминг қаласында өтті. Қоштасу рәсімі 22 жасар жігіттің қызықты балалық шағы өткен мектебінде ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша ине шаншар жер болмаған көрінеді.
Отто Уормбирді соңғы сапарға шығарып салуға келген адамдардың көптігі сонша мектеп ішіне сыймаған жұрт метеп ауласында орнатылған арнайы монитор арқылы бақылаған. Сондай-ақ қалада көлік кептелісі орын алған.
Корея үкіметінің қатаң тәртібіне наразы болған жұрт ауыр қайғымен Оттто Уормбирді мәңгілік сапарға сап түзеп шығарып салды.
Шолушы: Ақерке Маратқызы