Қытайдағы Сычуань провинциясында 100-ден аса адам көшкіннің астында қалып қойды, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости мәліметіне сүйеніп.
Белгілі болған мәліметтерге қарағанда, көшкінге тоқтаусыз жауып жатқан жаңбыр себеп болған. Бұл оқиға сенбіде шамамен таңғы сағат 06.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 04.00-де) болған. Шамамен 40 үй көшкіннің астында қалған. 500 адамның қатысуымен өтіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары әзірше еш нәтиже берген жоқ.
Бастапқыда көшкіннің астында 100-ден аса адамның қалып қойғаны хабарланған болатын, алайда кейінірек жергілікті БАҚ-тар адам саны 200-ге жетуі мүмкін екенін айтқан еді. Оқиға орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен техника жұмыс істеп жатыр.
Шолушы: Айгерім Таубай