АҚШ президенті Доналд Трамптың қызы өзіне тағылған айыпқа қатысты куәлік беруге тиіс деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Иванка Трамп басшылық ететін IT Collection LLC компанияға басқа аяқ киім сауда белгісінің дизайнын көшіріп алды деген айып тағылды. Сот Нью-Йорк қаласында болған.
Алайда Иванка Трамп Ақ үйдегі жұмыстардың қарбаластарына байланысты қолы босамағандықтан келе алмаған. Сот Кэтрин Форест оның қорғаушысының Иванканың келе алмағандығына байланысты айтқан дәлелдерін қабылдамады.
Содан кейін сот Иванка Трамптың жұмысына байланысты, ол жұмыс жасайтын Вашингтон қаласында куәлік беруіне рұқсат етті. Иванка қазан айының соңына дейін куәлік беруі қажет.
Айта кететін болсақ, Иванка Трамп 2007 жылдан бері Ivanka Trump атты сауда белгісімен аяқ киім, киімдер және әшекей бұйымдар шығарады.
Аударған: Әсел Болатқызы