Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны 2 миллиардқа жетті

/uploads/thumbnail/20170710161528064_small.jpg

Фейсбук әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукерберг желіні қолданушылардың саны 2  миллиардқа жетті деп мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін таңертеңгі есеп бойынша Фейсбук желісін қолданушылар саны 2 млрд-қа жетті! Біз адамдарды топтастыра отырып жетістікке жеттік, енді әлемдегі адамдардың бір-біріне жақындасуына мүмкіндік жасайық. Осы жолда сіздермен бірге болу мен үшін үлкен бақыт»- деп жазады ол өзінің парақшасында.

Марк Цукерберг Фейсбук әлеуметтік желісінің негізін 2004 жылы 19 жасында қалаған. Бастапқыда желі тек Гарвард студенттеріне ғана арналды. Тек 2006 жылдан бастап ол әлем сахнасына шыққан болатын. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар