Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду әке атанды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы кәсіби футболшы өзінің Инстаграм парақшасына жариялады. Ол өзінің екі сәбимен бірге түскен суретіне «Екі жаңа махаббатымды қолыма алғанымы сондай бақыттымын» деген жазба қалдырыпты.

Айта кететін болсақ Криштиану Роналдудың сурагаттық анадан туылған 6 жастағы ұлы бар. Алғашында футболшы атақты сәнбике Ирина Шейкпен көңіл жарастырған болса, қазір Джорджина Родригес атты сәнбикемен жақын қарым-қатынаста. Егіз қыздың анасы Джорджина деген мәліммет те бар.
Шолушы: Әсел Өтешова