Аргентиналық Росарио қаласында атақты футболшы Лионель Месси мен Антонелла Рокуццоның үйлену тойы өтті, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп.
Аргентиналық баспасөз футбол королінің тойын «ғасыр тойына» балады.
Мессидің туған қаласындағы үлкен қонақүйде өткен тойға небәрі 260 қонақ шақырылған көрінеді, футбол әлемінің жарық жұлдыздары мен атақты адамдар тойдың қадірлі қонақтары саналды.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Мессиді жаттықтырған жаттықтырушылары тойда болмаған.
Мерекелік шараны 100-ден аса полицей қызметкерлері күзеткен. 150-ге жуық тілшілер жүрді.
Месси мен Антонелла бала кезден жақын достар болған екен. 30 жастағы «Барселона» футбол клубының шабуылшысы мен 29 жастағы қалыңдығының бүгінде екі ұлдары бар.
Айта кетейік, Лионель Месси заманауи футболшылардың алдыңғы қатарында көш бастап тұрған футболшы, әрі футбол тарихындағы ең мықты ойыншы саналады.
