Алматыда қайтыс болған 17 жастағы велосипедші қыз жайында жаңа деректер шықты

/uploads/thumbnail/20170710161748219_small.jpg

Алматыда 17 жастағы велошабандоз қыз қайтыс болғаны жайында хабарланған. Солтүстік Қазақстаннан жарысқа келіп, ауруханадан бірақ шыққан Дана Ахметова бірнеше күн хәл үстінде жатып тілге келместен көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, спортшыға күн өтіп кеткен. Ал бойжеткеннің туыстары оған дер кезінде көмек көрсетілмеді деп отыр.

Велоспорттан Қазақстан құрамасының мүшесі Дина Ахметова Алматыға жастардың 4-ші спорттық ойынына қатысу үшін келген. Солтүстіктің намысын қорғап жүрген жас талант оқу-жаттығу барысында есінен танып құлапты. Дереу жедел жәрдеммен бірден ауруханаға жеткізілген. Алайда, бірнеше күн хәл үстінде жатып, ақыры тілге келместен көз жұмды.

№7 қалалық аурухананың бас дәрігері Марат Абдуллаевтың айтуынша, организмнің сусыздануы салдарынан бала қиын жағдайға келген. Одан кейін бауыры, бүйректері, басқа органдары зақым алған. Барлық мамандар жинап консилиум өткізген, алайда бес күннен кейін бала қайтыс болып кетті. Бұл туралы КТК жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Мамандар спортшыға күн өткен деп отыр. Ағзасындағы суы азайып, кей мүшелері жұмысын тоқтатқан. Алайда Динаның туыстары бұл пікірмен келіспейді. Олар қайғылы жағдай жарысты ұйымдастырушылардың салғырттығынан болды деген пікірде. Себебі, қыз есінен танып құлағанда оған алғашқы көмек көрсетілмепті.

Қайғыдан қан жұтып отырған Дананың әкесі Жанболат Ахметов былай дейді:

-Оның денсаулығы өте жақсы болған. Өзі ұлттық құраманың мүшесі ғой. Мықты еді. Жаттықтырушысы одан әлем чемпионын шығарам дейтін. Бірақ өкінішке қарай ол арман орындалмады.

Он төрт жасында спортқа келіп үш жылда біраз белесті бағындырған Дина Ахметоваға бапкерлері расымен де үлкен үміт артқан екен. Ол 2016 жылдан бастап олимпиадалық даярлау тізіміне кіргізілген. Қазір қыздың денесіне сараптама жүргізіліп жатыр. Кейін оны жерлеу үшін туған өңірі Қызылжарға алып кетеді.

Қатысты Мақалалар