Мемлекеттік құпияны таратқан Майлыбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Қамшы ақпарат агентітгі.
30 маусымда Астана соты Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасарына осындай жаза кесті. Сондай-ақ оның бар мүлкі де тәркіленіп, енді ешқашан мемлекеттік қызметке араласа алмайды.
Ал 41 жастағы Бағлан Майлыбаевтың сыбайласы Николай Галихин ауыр жазадан құтылып кетті. Мемлекеттік құпияны таратқаны дәлелденген ол 4 жыл шартты жаза алды. Ақорданың ішкі саясатына жауапты болған Галихин де бұдан-былай билікке мүлдем жоламауы тиіс. Атышулы процестің жабық өткенін ескерсек, бұрынғы лауазымды атқамінерлердің жасырын деректі кімдерге бергені де белгісіз. Еске салсақ, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Майлыбаев 12-ші қаңтарда қызметінен босатылып, екі күннен кейін қамауға алынған еді.
Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2017 жылғы 12 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихин ұсталғанын хабарлады.