Токиода оқушы қыздарға ақша үшін кездесуге баруға ресми түрде тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170710161755115_small.jpg

1 шілдеден бастап Токиода 18 жастан кіші қыз балаларға кездесуге негізделген жұмыстар атқаруға тыйым салынды. Осыған байланысты Токиода заң қабылданды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Енді  ер адамдардың мектеп оқушыларымен кездесуін ұйымдастыратын  токиолық 110 компаниялар өз жұмыстарына 18 жастан асқан қыздарды ғана ала алады.

Заңды бұзғандар миллион иен көлемінде айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан айырылып жазаға тартылады. Жапонияда осындай бизнес кең етек жайған және елдегі тосқауыл қойылмай келе жатқан  проблемалардың бірі болып табылады. 

Қатысты Мақалалар