30 маусым күні Мәскеуде болған дүлей дауылдан көз жұмғандар саны 4 адамға жетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
47 жастағы ер адам күндіз өзенге балық аулауға шыққанда оған найзағай түсіп көз жұмды.
Күндіз дауыл кезінде Дмитров ауданы мен Софьино ауылында ер адамдар ажал құшқан.
Мәскеуде мұндай жауын 1923 жылдан бері болмаған. Бірқатар ауданда бірнеше сағаттың ішінде 34 мм-ге дейін жауын-шашын түсті. Ал бір айлық норма – 75 мм. Жауынның салдарынан Шереметьево әуежайының ұшып-қону алаңы суға толып, жүздеген рейс кідірілді. Дауыл ағаштарды құлатып, адамдар зардеп шекті.

