Қытайдың Гуанчжоу провинциясында газ құбыры жарылды. Апаттан 8 адам қаза тауып, отыз бесі жараланған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстардың күшті болғаны соншалықты, одан шыққан жалынды бірнеше шақырым қашықтықтан көруге болады. Апат аймағына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жіберілген.
Шолушы: Айгерім Таубай