Индонезия елінде 16 жастағы Селамат Рияди есімді жасөспірім 71 жастағы Рохайе есімді әжеге үйленді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агентігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Жас-жұбайлардың отбасы рұқсат бермеген, бірақ жас-жұбайлар өз-өзімізге қол саламыз деп қорқытқан.
Жасөспірім бала 71 жастағы әжемен бар өмірін өткізгісі келетінін айтқан. Қалыңдыққа 200 000 индонезия рупийімен (шамамен 14 доллор) қалыңмал төлеген.
Индонезия елінде әлеуметтік желілерінде осыған қатысты суреттер мен видеолар тарап кеткен болатын. Индонезия халқы бұл некенің рас екеніне сенбеген, бірақ жас-жұбайлардың туысқандары Индонезия арналарына берген сұхбатында бұл некенің рас екенін айтқан.