$44 000 тұратын білезікті сындырып алған қыз есінен танып қалды

/uploads/thumbnail/20170710162205601_small.jpg

Қытайдан келген турист қыз нефрит тастан жасалған білезікті байқамай жерге құлатып алған. Блезік жерге құлаған сәтте, екіге бөлініп сынып қалыпты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Юньнань аймағының Жуйли қаласындағы базарлардың бірінде орын алған.

Өзінің аты-жөнін жасырған қыз 300 000 юань тұратын білезікті тағып көремін деп, жерге құлатып алған.

Нәтижесінде ол білезік екіге бөлініп, сынып қалған. Сынған білезіктің бағасын білген турист қыз дәл сол жерде есінен танып қалған.

Дүкен сатушысына қыздың туыстары $10 000 ұсынған, алайда сатушы ол ақша тым аз деп, қабылдамай қойыпты.

Кейіннен туристер сынған білезікті жақын маңдағы зергерге алып барып көрсеткен. Зергер ол білезікті $26 500-ға бағалапты. Сатушы сол ақшаға келіскен.

Қытайда нефритті өте қатты қастерлейді. Бұл елде нефрит адамдарға зор денсаулық пен ұзақ өмір алып келеді деген сенім бар.

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар