Қазгидромет Қызылордада күн 75 градусқа дейін ысиды деген ақпаратты жоққа шығарды

/uploads/thumbnail/20170710162233748_small.jpg

Бүгін  Қызылорда облысында 5-10 шілде аралығында ауа температурасы 60-75 градусқа дейін көтеріледі деген ақпарат тараған болатын. Облыс тұрғындарына  да бүгін осындай хабарлама келген. Қазгидромет Қызылордада күн 75 градусқа дейін ысиды деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

"Қызылорда облысында алдағы күндері ауа температурасы 75 градусқа дейін көтеріледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, Қызылорда облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы 40-45 градус шамасында болады. ", — деді Қазгидромет жетекші инженер-синоптигі Жұлдыз Исабекова. 

 Жалпы, еліміздің оңтүстігінде алдағы мереке және демалыс күндері 40 градустан жоғары температура сақталады.

 

Қатысты Мақалалар