Димаш Құдайберген қазақстандықтарды атаулы мерекемен ерекше құттықтады

/uploads/thumbnail/20170710162249344_small.jpg

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алғашқылардың бірі болып Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. 5 шілдеден 6-сына қараған түні-ақ, сағат 00:00-де ол инстаграм парақшасына Елбасына арнаған ашықхатын салып, құттықтау сөзін жолдады, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі.

Ашықхат та ерекше шыққан. Мемлекет басшысы мен Димаштың қол алысып тұрған суретін байқаймыз. Әнші сурет астына «Мерекелеріңізбен!» деп жазған.

Еске сала кетейік, сәуірдің аяғында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халық Ассамблеясы сессиясы басында Димаш Құдайбергенді қабылдап, ақ батасын берген.

«Ақ батамды бере отырып, қазақ халқы әншімізді ерекше қадірлеп, жақсы көретінін айтқым келеді. Денсаулығы мен талантын сақтасын деймін», - деген еді Елбасы.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар