Мереке қарсаңында еліміздің ауа райына шолу

/uploads/thumbnail/20170710162252856_small.jpg

6 шілдеде, мереке қарсаңында Қазақстанның басым аймақтарында күн бұлтты болады, кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, соңы бұршаққа ұласуы мүмкін, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы ыстық болады.

Ал Солтүстік  Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы  15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, күндіз Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында жел тұрады, жылдамдығы -  15-20 м/с. Күндіз Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с  жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Кызылорда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық.

Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында да өте қатты ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қатысты Мақалалар