Араб телеарнасының тілшісі Дженан Мусса ДАИШ содырларының әйелінен сұхбат алды. ДАИШ баскесерлерінің әйелдері Сирияның солтүстігіндегі Ракки аймағында босқын ретінде тұрып жатыр. Тілшінің айтуы бойынша, әлгі әйелдер күйеулерінің қылмыс жасағаны үшін емес, көзіне шөп салып, басқа әйелге барғаны үшін уайымдап отыр екен. Босқын болған 7 әйелдің күйеуі өзге қалаларда түрмеде отыр, тіпті кейбіреуі өліп те қалған. Ал босқын әйелдер күйеулерінің сексуалдық-құлдықтағы қыздарды зорлайтынына қапаланып отыр.

Әйелдердің бірінің айтуы бойынша, жендеттердің әрқайсысының телефонында басқа әйелдермен сөйлесуге арналған арнайы бағдарлама бар екен. Террористер қарапайым әйелді 2-3 мың доллорға сатып алады. Алайда егер сатылымда тұрған нағыз қыз болса, оның бағасы 10 мың доллорға дейін өсуі мүмкін.

«Біздің күйеулеріміз сексуалдық-құлдықтағы қыздарға көп ақша жұмсауда. Тіпті оларға опа-далап пен киім сатып алып беріп жатыр. Біз осыған алаңдап отырмыз. Біз күйеулерімізді сирек көреміз. Олар бостан-босқа әйелдерге ақша құртып жатыр», - дейді әйелдердің бірі.

Күйеулеріне ренжіп жүрген әйелдер құлдықтағы әйелдерге қашуға көмектеседі екен. Бірақ олар құлдықтағы әйелдерді аяғандықтан емес, күйеулерін қызғанғандықтан көмектеседі. Күйеулерін қызғағаны соншалық босын әйелдер қашып кеткен әйелдерді ұстап алса да қиналмайды екен. Қашқын әйелдерді ұстап алған кезде оларды жазалау үшін өлтіріп тастауы да мүмкін. Бірақ босқын әйелдер ол туралы мүлдем ойлағысы келмейді. Себебі оларға құлдықтағы әйелдердің жоқ болып кеткені ғана маңызды.
Аударған: Әсел Болатқызы