Фируза Шарипова ЭКСПО көрмесінің аясында чемпиондық атаққа таласады

/uploads/thumbnail/20170710162326459_small.jpg

Астанадағы халықаралық EXPO-2017 көрмесі аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жасар кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына таласатын болады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ЭКСПО-ның медиа орталығына сілтеме жасай отырып. Спорт кешін халықаралық EXPO-2017 көрмесі және Фируза Шарипованың командасы ұйымдастыруда.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов Шарипованың командасымен кездесіп, әлемге әйгілі отандық спортшылар мен ЭКСПО көрмесінің мақсаты бір екенін атап өтті.

«Мен әйелдер арасында кәсіби бокстан бірінші әлем чемпионы атануға үлкен мүмкіндік туғанына және бұл атақ үшін Қазақстанда бәсекеге түсетеніме қуаныштымын. Халықаралық EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырушыларына және арнайы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке осындай ауқымды форумда сөз сөйлеуіме мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін», - деп атап өтті Фируза Шарипова.

Кәсіпқой бокс EXPO-2017 аумағындағы өзіне 6 мың көрермен жинай алатын амфитеатрда өтпек. Айта кетейік, Фируза Шарипова 10 жастан бастап бокспен айналыса бастады. Әуесқой мансап жолында екі рет Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері және әлем чемпионатының шәкірті болды.

2016 жылдың 21 мамырында Мәскеу қаласында кәсіқой бокста Денис Лебедев пен Виктор Рамирес өткізген ауқымды кездесудің андеркарды атанған Олимпиаданың күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы Ресейлік София Оличивамен жұдырықтасты. Содан кейін, ол Испанияда, Қазақстанда және Ресейде жұдырықтасты. 29 маусымда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде Фируза Ресейлік Бианка Пряшканы бірінші раундтан кейін жеңді.  

Шолушы: Әсел Болатқызы


 

Қатысты Мақалалар