БИЫЛҒЫ G20 САММИТІ НЕСІМЕН НАЗАР АУДАРТАДЫ?

/uploads/thumbnail/20170710162400972_small.jpg

Әлемнің жалпы өнімінің 4/5-ін қамтитын 19 ел және Еуроодақтан құралған G20 мүшелерінің лидерлері Германияның Гамбург қаласында жиналды. 7-8 шілдеге жоспарланған саммит 12-інші рет өтіп жатыр.

Екі күнге созылатын саммиттің басты тақырыбы климаттың өзгеруімен күрес.

Саммит басталмас бұрын қалада наразылық басталды. Дүкендер жабылып, терезелер жалюздерін түсірген. Түрлі наразылық шараларына он мыңдаған адам қатысады деп күтілген.

G20 десе дүние дүрбелеңге түсіп жатады. Ендеше G20 туралы білуіміз керек дүниелерге тоқталайық.

Гамбургте белсенділер лидерлердің маскасын тағып наразылық көрсетті

G20 дегеніміз не?

Алғашқы саммиті 1999 жылы Берлинде өткен 20-лар тобы(G20), әлемнің дамыған елдері лидерлері мен ЕО өкілдерінен жинақталған ұйым.

Аталған елдер әлемнің жалпы өнімінің бестен төрт бөлігін, сауда айналымының төрттен үш бөлігін қамтиды. Сондай-ақ әлемдегі халықтың үштен екісі де G20 елдерінде өмір сүреді.

Ресми емес формадағы G20 халықаралық ұйым статусына иелік етпейді. Сондықтан да онда қабылданған шешімдердің заңдық міндеттілігі де жүзеге асыру талабы да жоқ.

Алайда, ұлттық және халықаралық деңгейде өзгеріс әкелетін ықпалды шешімдер де қабылдай алады.

Ұйымның тұрақты хатшылығы немесе штаб-пәтері де жоқ. Дегенмен жыл сайын ауысып отыратын төрағалығы бар.

Өткен жылғы G20 саммитіне Қытай төрағалық етсе, қазір Германия басшылық етеді.  

G20 мүшелері мен қатысушылары кімдер?

G20 — Германия, АҚШ, Аргентина, Австарлия, Бразилия, Қытай, Индонезия, Франция, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Индия, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Канада, Түркия, Мексика, Ресей және Сауд Арабиясы елдерінен құралған.

Испания әрқашан шақырулы ел мәртебесіне ие.

Халықаралық валюта қоры (IMF),  Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы (WTO), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD), Халықаралық еңбек ұйымы (ILO) және  БҰҰ (UN) сияқты халықаралық ұйымдардың өкілі де саммитке қатысады.

Биылғы саммиттың көрнекті нүктесі не?

Жоғарыда айтқан климат ауысуынан сырт, биылғы саммит тақырыбы экономикалық даму, иммиграция, террормен күресті де қамтиды.

Биылғы саммитке 10 мың делегация және 5 мың ақпарат құралдары өкілі қатысады деп күтілген.

Сондай-ақ, биылғы Саммитте АҚШ президенті Дональд Трамп мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі әлем назарын аудартып отыр. Бұл Трамп билікке келгелі екі алпауыт ел басшыларының алғашқы кездесуі болмақ.

G20 наразылары шатырлар құрды

Германияның екінші ең үлкен қаласы Гамбург бүгінге дейінгі ең үлкен халықаралық жиналысты өткізеді. Жиналыс қауіпсіздігін 20 мың полиция қадағалайды. Сондай-ақ, брондалған көліктер, тікұшақтар, айналаны барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылады.

Алдын ала болжам бойынша 2 күндік саммитке 100 мың протестант қатысуы мүмкін.

Антикапиталистер мен экологтар, кәсіподақтар, студенттер мен шіркеу адамдары наразылық шараларына дайындық барысының өзінде 400 адамдық тұтқынға ұстау орталықтары дайындалған.

Наразылық шараларының көбі бейбітшіл мақсатта өтеді. Алайда радикал сол және анархист топтардан пайда болған «қара блок» протестанттары бұған дейінгі наразылық шарасында полициямен қақтығысып қалып жүрген.  

Сәрсенбі күні демонстранттар зомби кейпінде наразылық көрсетті.  

«Жаһаннамға қош келдіңіз» наразылық шарасының ұйымдастырушысы Andreas Blechschmidt өз слогандарының  «күрескер ұран» екенін, алайда G20 саясатының әлемдік деңгейде аштық, соғыс, климатқа залал сияқты «жаһаннамды еске түсіретін» шарттарға себеп болып жатқанын да  білдіреді», - дейді.

Германия канцлері Ангела Меркель бейбітшіл шараларға құрмет көрсетілуі керек екенін айтып, алайда зорлық-зомбылыққа жүгінгендер «демократияны мазақ еткендер» деп атаған.

Наразылар қоғамдық парктерде, халықтық алаңдарда 600 шатыр құруға рұқсат алған. Бір театр, шіркеулер және кейбір тұлғалар да Германия мен Еуропа төңірегінен келген наразыларға тұраржай дайындап берген.

 

Аударған Нұрғали Нұртай.

Қатысты Мақалалар