35 градустық ыстыққа шыдамаған 600-ден астам жапондық ауруханаға түскен

/uploads/thumbnail/20170716220312692_small.jpg

Жапонияда қатты ыстық ауа райының салдарынан 600-ден астам адам ауруханаға түскен деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасай отырып. Олардың екеуі ауыр халде жатыр.

Бірнеше күн ішінде ыстық ауа райы салдарынан 608 адам ауруханаға түскен. Екеуі ес-түссіз ауыр халде жатыр. Ауа температурасы 33,7 градусқа жеткен Токиода 62 адам ауруханаға түскен. Ауа райы Айтада 35,9, Сайтама мен Хоккайдода 35,6, Киото мн Фукусимеде 35,5 градусқа дейін жеткен. Аталған аймақтарда ауа райы жексенбі күні 35 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Шолушы: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар