Қарағандыда шахта-мұражай ашылды

/uploads/thumbnail/20170716220315360_small.jpg

Қарағанды қаласында шахта мұражайы ашылды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Қарағанды жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандылық тау-кен индустриялдық колледж базасындағы шахтаны мұражайға айналдыру идеясы облыстық білім басқармасының басшысына тиесілі. Осылайша облыстық әкімшілікке ұсыныс жасалып, бюджеттен 25 млн теңге бөлінді. Нағыз шахтаның дәл көшірмесіне айналған мұражайда, тіпті желдету тармағы, қосалқы станция, кеніштік су төкпе, таспалы конвейр, көмір оятын орын мен комбайн да бар. Мұндағы барлық жабдықтар жұмыс істеп тұр. «Бұл мұражайдың колледж студенттеріне тигізетін пайдасы мол, олар тәжірибеден осы жерде өтетін болады, ал қонақтар мен туристерге әр мезгілде есік ашық», – дейді оқу орынның мамандары.

Айта кетсек, музейге кіру билетінің бағасы 500 теңге.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар