Батыс Сібірдің үстінде орналасқан, циклондарға байланысты атмосфералық фронттар, демалыс күндері Қазақстанның ауа райына ықпал етеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер Қазақстанның барлық аумақтарында дерлік өткінші нөсерлі жаңбыр жауып, күн шатырлап, кей жерлерде бұршақ болады деп болжауда. Осы ретте, ауа температурасы әдеттегі осы мерзімдегіден төмен болып сақталады. Тек, Қазақстанның Батысында солтүстік-шығыс салқын ағымдары оңтүстік ағымдарға ауысып, солардың әсерінен ауа температурасы күндіз 30…37º градусқа дейін қызады, кей жерлерде +40°С дейін жетеді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру