Израильдің Иерусалим қаласында 3 қаскөй полицейлерге оқ атты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.
Салдарынан 2 тәртіп сақшысы көз жұмып, тағы біреуі жараланған.
Артынша шабуылшылар ізін жасырмақ болып, таяу маңдағы мешітке жасырынған. Алайда күштік құрылым өкілдері үшеуінің де көзін жойды. Қаскүнемдердің жеке тұлғасы әзірге белгісіз. Оқ атуларына не себеп болғаны да беймәлім. Бұл іске қатысты тергеу барысында Иерусалимнің муфтиі қамауға алынды. Израиль премьер-министрі қастандық әрекетті қатаң сынға алып, құрбан болғандардың жақындарына көңіл айтты.
Шолушы: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру