Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Марал Қадырдың ісі Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қайта қаралған үкімге сай, экс-басшысының кәмелетке толмаған қызы ескерілген.
«Ақтау қалалық сотының 2017 жылдың 5 мамырындағы «ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша Марал Қадырды айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырған» үкімі өзгерді. Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 55-бабының 4-бөлігін қолдану арқылы оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалады, сотталушы мен оның қорғаушысының апелляциялық шағымы, сондай-ақ, прокурордың апелляциялық наразылығы қанағаттандырылмады», - деп мәлімдеген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова.
Марал Қадыр 2016 жылдың тамыз айында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып тағайындалған болатын. Оның алдында ұзақ жылдар облыстың бас санитары қызметін атқарған. Марал Қадырды 5 мамырда Ақтау қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп қана қоймай, белгілі бір қызметтерге тұрудан өмір бойына шеттетілген.
Пікір қалдыру