Нұрхалық Абдурақын. Аманат(әңгіме)

/uploads/thumbnail/20170708155843429_small.jpg

("Қазақ еліне - 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне)

(Бұл әңгімемді бабалар аманатын сақтауға барын салған асыл аналар рухына бағыштаймын!)

Атар таңмен таласып Нұрбәтиманың толғағы барған сайын жиілей түсті, Аллаһу тағала жәннәттің бағында шәйтанның уас-уасасына  еріп, жеме деген жемісті аузына салуға екі ұдай күйде үш қадам жүріп бір тоқтап, жеті қадам жүріп бір тоқтағаны үшін жаратушы әйел затына үш күннен жеті күнге дейін астынан қан саулатып қойыпты, ол аздай жандының ең ауыр толғағын осы жасал желектілерге тән етіпті, күйеуінің бел тартпасынан ұстап толғатып тұрған Нұрбәтима одан сайын терге бөкті, алпыс екі тамыры түгел балқып,  он екі мүшесі еріп басқа затқа айналып кеткелі қашан, шыңғырады, шырылдайды, бұндайын білгенде еркектің қасына жақындамас едім-ау деп одан сайын долдана бақырады... Талықсып кетті... Нұрбәтиманың  жаны барда- жоқ, есі кіде- шығасылы, ұйқыда-ояу хәлде жатып сәбиін дүниеге әкелді... денесінен жарып шаққан сәбиінің  іңгәлаған даусымен  күнадан тазарған Нұрбәтима  ащының артынан тәттіге қолы жетті,  балпанақтай бал бопасы кеудесіне оралғанда жер бетінде одан асқан бақытты жан болмады. Мұрнына жәннаттың исі келді, шаттықтан рухы алты қат аспанды шарлап кетті. Шешесімен бірге гүл теріп көбелек қуған бал дәурен шағы жадына оралып оны сергітті, енді бірде әжесінің алдында басын қойып маужырап ертек тыңдаңап жатты, енді бірде ағасымен болмайтын ойыншыққа таласып әкесіне қарай аңылдап шауып бара жатты, шашылған балалығын теріп қуаныштан періштесін емірене искеді....Тұңғыш рет күйеуін жақсы көріп кетті....

Шаңыраққа тәңірі періште силады.  Бұрхан, Бұрхан  деп күйеуі Хоршин бүкіл ауылға сүйінші сұратты, кешке қарай Хоршидың құрдастары  Жоншы, Ожет, Бөрі,Гона, Нәйлер жиналды, әйелі құрсақ көтергелі құмырада бықтырылған ащы әркінің аузын Хорши достарына ашты, еркегі бөлек, әйелі бөлек шілдехана күзетті...

-Балаңыз батыр болсын, монғолдың алып қолын басатаған Темучин атасынан асып тусын,- деп жыбырлаған мұртын сипап, дәмді екен, неткен бал әркі деп тілін жаланып, ұртын қайта-қайта құнжыңдатты Жоншы дос.

Әркімен әңгімелері одан сайын өршіген достар Шыңғысхан заманындағы нояндарша ұлып ән салды.

-Балаға ат қойыңдар, - деп отағасы достарына ерік берді.

- Горхан болсын, - деді Ожет атты ұзын бойлы, ат жақты, талпақтанау досы.

-Ой, ол Шығыстың әкесі Ясукейден жеңілген Керей ханның аты емес пе, - деп қалды мыртық денелі Нәй жақытырмай.

-Бұқа болсын, бұл сөз ұлық, мықты дегенді білдіреді, - деді өз сөзін нығарлай түскен Бөрі.

-Сасы-Бұқа болсын таза монғолша болады, - деді Гона.

Орындарынан тұрып тост көтерген алты дос Сасы-Бұқаның жасы ұзақ болсын, монғолдың атын алысқа жеткізетін хан болсын, ханның тұқымы біздердің бала, хан болмағанда кім болады деп қолдарындағы рюмкаларын езулеріне тастай салды,тағыда нояндарша ұлыды... Қабырғалас бөлмеде жатқан Нұрбәтима жаралы денесін қозғай алмай жатсада бақыттан әлі басы айналып жатты, я, Сасы-Бұқа хан болады бырақ сендер ойлағаннан басқа хан болады, мен осы балар арқылы  бабаларымның аманатын орындаймын дейді есті әйел өзіне-өзі серт беріп. Шын қуанғаны бар, өтірік қуанғаны бар осы бір жергілікті ұлттан жұққан салтты айналып өте алмай, монғол және өзі сияқты монғол жұртына келін болып келген абысын-ажындарыда бауы берік болсын айта келіп шілдехана күзетті.

-Балаң аталарына тартыпты ,- деді жыртық көз, өрме шашты  абысыны.

-Я, - деп жымиды Нұрбәтима.

Баласының түріне тесіле қараған Хоршин еш мін таппады, тура айнымай өзінің аузынан түскендей көшірмесі.

Күндер зулап, айлар алыстап, жылдар жылыстап Сасы-Бұқа тәні монғол жаны Керейдің дәл өзі болып есейе бастады. Міне бүгін әкелі-балалы екеуі итін ертіп, тазысын қондырып аңға шықты.

Адырлы қырат-қырат қырқалар ақ көрпесін жамылып сен тұрмасаң мен тұрма деп барған сайын қымтанады, ұйтқыған жел олардың жамылғысын ашуға ұрынып көріп еді, онысынан түк шықпады, ақыры болмағасын бұлтарға мініп алыс-алыс жақтарға кетті.

Хоршин аппақ ұлпаны қап-қара қолымен ұстап неден жаратылған деп сығымдап тұр, күнде көріп жүрген қары болсада бүгін өзінше ойға шөкті, бірақ оның  неден, қалай жасалғанын мүлде түсінбеді, әр қар түйіршгін ақ қанат періштелердің көктен тастап тұратынын ол елестете алмайды, Аллаһу тағала оған жаулаушы тап тұқымын жазғанмен көкірегіне нұр құйған жоқ еді.

Баласына Сасы- Бұқа деп монғолша ат қойғанмен баласы анасының тілін де жақсы біледі, далалық рухқа жаны құмар, соңғы кезде домыбраға әуестеніп келеді.

Жерге жайылған шағын дастарханда баласының анда-санда қойған сұрағына самарқау жауап беріп Хоршин мен Нұрбәтима кешкі астарын ішіп отыр.

-Біз осы қайдан келдік, - деген баланың тосын сұрағы бұларды ұйқысынан оятты.

-Қайдан келгені несі? -  деп қатқыл дауыспен баласы Сасы-Бұқаны түйіп тастады. Анасы өзінің беріп жатқан тәрбиесінің жемісі екеніне қуанды. Ұзақтан ұзақ айтатын бесік жыры мен батырлар ертегісі имандылық  әлеміне жетелейтін әңгімелерін есіне алды, бірақ онысын күйеуіне сездірмеді. Екі қанның ортасынан жаралған зерек баланы бұл жауап қанағаттандырмасада қатал қабақты әкеден жасқанып үнсіз қалды.

Керейлерді монғоладар жаулап алған соң қыздарын қатын, ұлдарын күң етіп ойна келгенін істеген жоқ, деседе жаулаушы ұлт қашанда жаулаушы ретінде сол жергілікті халықтан алам деген қызын алды, ішем дегенін ішіп шалқып жүрді, өздерін ханбыз деп, әйелдерін хатұн деп атады, ал ондағы байырғы тұрғындарды қара деп мұрнын шүйіру олардың үйреншікті әдетіне айналды, Нұрбәтима болса солай Хоршинға қор болып тиген ақ қыз еді.

-Сүндеттейік Сасы-Бұқаны,-  деді Нұрбәтима күйеуі Хоршинға қарап.

Әу бастан әйелінің сөзін жүре тыңдайтын Хоршин

-  Онысы несі, Сасы-Бұқа монғол емес пе? Сүндеттеп шонданайын кесу тұрмақ, біздің монғолдар тісін жуған емес бағы таяды деп әйеліне ежірейе қарады.

-Мақұл төрем, онда баламызға ат-шаптырып той жасайық, жеті жасқа келді деп қолқа салды.

Бұл жолы Хоршин төре үнсіз қалды.

Ай дөңгелектене толып, көктен жарқырап қарап тұр,  аппақ қар астымдағына өзің тап дегендей сыр бермей тымпияды, айға  қарап ащы мұңын төккен Нұрбәтиманың іші босап қалды, көз алдына сахабалары бар, ұзын шашты, жүзінен ай жасырынған тау тұлғалы адам көрінді, әжесі құлағына сүйкті пайғамбарымыз деп сыбырлады. Жаңағы жұрт алыстап барып аспан көкжиегіне жақындап алып тауларға айналды, енді міне таулардың сұлбасы қарауытты, иманды әйелге, бала кезінде анасынан тыңдайтын айдағы тоқымашы қызбен жердегі сиыршы жігітті есіне алды, одан беріде жерді мүйзімен тіреп тұратын алып көк өгіздерді көз алдына келтірді. Хоршинның қоңқ еткен даусы оның тәтті ертегісін үзіп жіберді. Әйелінің аппақ тәніне Хоршин қап-қара тәнін қанша жабыстырсада, ерлі-зайыптылардың жандары басқа, рухы мүлде қосылмайтын екі бөлек тіршілік иесі. Бұлардың көздері жұмулы болсада рухтары өз әлемдеріне әлде қашан кетіп қалған. Хорши жалғанды жалпағынан басып жүрміз деп келешегіне нық сеніп, аса үлкен күпірлікте күліп жатып тозақтан нәр алып өсетін зарқұм ағашының басына өрмелеп бара жатты....басына жете алмай тамағын қырнап соңы қорылға ұласып кетті...

Нұрбәтима өте алысқа кетті, ол әжесінің жанында әңгіме тыңдап жатты, таңғалып жатты...  жаулары атасын өлтірген соң апасы үнсізде үнсіз талай жылды артқа тастап, жауының баласына жасаған алқа-қотан тойына жүз қой, жүз саба қымыз апарып сый жасауға рұқсат алып жолға шығады, қойларын апрып сойғызып, қымызын құюға бай сарайына енгенде сақадай-сай тас түйін жүз батыр сабаның ішінен атып шығып жауларының бастарын қағып кектерін алыпты. Әңгіме  жалғасты... жаугершілік заманда  ұлы әжесі жас шағында толғатып отырып киіз үйде жалғыз қалады, алайда ол кіріп келген дұшпандарын астына басып жатқан от ауыз мылтығымен қырып салып шаһит болыпты. Ұлы әжесі, апасы, өз әжесі барлығы сол баяғы керейлердің ежелгі жұртында ұршық иріп, жүн түтіп, киіз басып шармап қымыз ішіп жатып таң атырды.

Неге екені Хоршин Сасы-Бұқадан кейін балалы болуға дәмелі, бырық қазірге Нұрбәтима тыныш.

Өлген тіршілік тіріліп, көктем шыға түк болмағандай жер бетіне  жамырап ала бұта, жауқазын жайғасып, өлең шөптер өріп шықты, бөз торғайлар  боз далада шырлыдап адамзатқа белгісіз бірдеңесін тыным таппай айтып жатты, қара шегіртке қара топырақтан шығып қанатын ызылдатып тынбай зікір салды, оныда елеген адамдар жоқ, аюлар апанынан шығып, ұртын жалап, дәретін жаңалайды, суырлар шоқиып, тоңқаңдап белгісіз бірдеңеге бас ұрып жалбарынып жатты, оны елер адам жоқ , керісінше оған қақпан құрып көзін құртуға айла-шарғы іздеп жанталасты адамдар, жадырып жазда келді,  бірін-бірі қуалаған ерке самал бетті өбіп бәрін ұмыттырды, қызылды-жасылды қызғалдақ гүлдер хош исін шашып адамдарды мас қылды, әсем табиғат адамдарды нас қылды...

 Той жасауға Хоршин барын салып бақанын қолына алып кірісті, жалғыз баласының жігіт болған, ат жалын тартып мініп аңға шыққан тойына аянып қалғысы келмеді. Бастарына үкі тағып, он жорға мінген балалар мен күйме  ерткен салтанатты шағын көш бой түзеп  нағашыларын аралады, қоржынның екі басы толған хан тұқымынан қараларға күміс теңгелер болды.

Палуандар  бұқаша бақырып қара жердің жонын дір-дір еткізіп жүлде алса, аспанды шаң қылған қыл құйрық тұлпарлар ауыздықпен алысып бірінен бірі оза шапты, қыз қуып бетін сүйген жігіттер қамшының дәмін татты, теңге іліп шабандоздар шаң қапты. Алпамыс жігіттер лақты допша лақтырып терісін тас-талқан етті, ұлан асыр тойдың көрігін одан сайын қыздырған  ақ самайлы әжелер ауылдың алты аузын айтып, ақылгөй абыз қарттар төбе басында сан қызықтан алыс барып ел жайын әңгімелеп жатты, жаулаушымыз деген монғолдар әркісіне бөгіп, етке қақалып нояндарша ұлып жатты....

Күнді күдер қуып Шебер үйлестіруші Алла хикіметімен, сан себеппен қисынын қиыстырып жауларының қолымен Нұрбәтиманың тілегін орындап Сасы-Бұқасын хан жасады, ол жәй хан болған жоқ, нағашыларының жоғын жоқтаған, анасының ақ сүтін ақтаған қазақтың ханы болды.

Бұл хикіметті дүниеде барлық себептердің артында Аллаһу тағаланың тұрғанын адамдар білмеседе оның басқа жаратылысы толық сезіп тұрды.Сондықтан да олар өз міндеттерін толық орындап жаратушының жербетіндегі көлеңкесіне көлеңке түсірмеуге тырысып жатты...

Сақтардан жеткен бабалар аманаты ғұндар мен үйсіндерде сарымайша сақталып, одан түрік қағанатына жетіп, Білге, Күлтегін, Тоныкөк болып мәңгі тасқа айналып бізге сыр шертті. Одан түркеш аталып, арықарай қимақ, қарлұқ, қара хан болып енді қыпшақ аталып, алтын орда, ақ орда  көк орда хандықта аманат сақталды.  Ақыры Сасы-Бұқадан,  Ырыс ханға жетіп одан Қойыршақ және Барақ ханға одан Керей хан мен Жәнібек ханның қолына өтіп бүгінде Нұрсұлтанның басына бақ болып қонды, ол аманат ақыр заманға дейін Алланың сақтауымен  Нұрбәтимадай аналармыздың көзжасы мен құдды құран іспеті сақтала береді сақтала береді.... Қазақ мәңгі ел мұраты жолында ершімді қадаммен болашаққа нұрлы жолмен  бабалар аманатын арқалап аттана береді...

demeixiler

Қатысты Мақалалар