"АЛАШ ЖӘНЕ ДІН" ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

/uploads/thumbnail/20250306112351829_big.webp
 
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күніне байланысты ұйымдастырылған "АЛАШ ЖӘНЕ ДІН" деректі фильмі шықты.  Деректі фильмді Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің қолдауымен ORDA LIFE ютуб-каналы түсірген.

Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылдың 5 наурыз күні Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Келер жылы Ұлт көсемінің 160 жылдық мерейтойы келе жатыр. Сондай-ақ биыл  Бақытжан Қартаевтың 165, Ғұмар Қараш пен Сәлімгерей Жантөриннің 150, Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Журналист Серік Жолдасбай осы мерейлі датаға орай Алаш арыстарының діни ұстанымы жайлы зерттеуін көрерменге ұсынды.

Деректі фильм ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы еліміздегі діни ахуал туралы. Яғни, фильмде 1905 жылғы әйгілі Қарқаралы петициясын да сөз бостандығы мен ана тілінде оқудан бөлек діни еркіндік проблемасы көтерілген.
 
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар