ХХІ ғасыр дағдылары

/uploads/thumbnail/20250305164034466_big.webp

2025 жылдың 4 наурызында Алматы қаласындағы № 4 кітапханада Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4) аясында «ХХІ ғасыр дағдылары» атты танымдық тренинг өтті. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/ Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова және  Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатованың жетекшілігімен «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанттары ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты – технология қарқынды дамып, жұмыс нарығы өзгеріп, әлемді жаһандану басқан ХХІ  ғасырда кез келген салада табысты болуға және өмірдің өзгерістеріне бейімделуге көмектесетін жаңа дағдыларды меңгерту.

Тренингке Қара шаңырақ филология факультетінің 2, 3-курс студенттері мен докторанттары,  жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының шетел азаматтары, сонымен қатар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қатысты.

Тренинг барасында студент жастарды ақпаратты критикалық ойлау және анализ жасау, талдау керектігі түсіндіруге бағытталған критикалық (сыни) ойлау, қазіргі қоғамдағы түрлі бағыттағы манипуляциялардың (түрлі жарнамалардың) алдын алу және сезімдерді уақытында тиімді басқару жолдарын көрсеткен эмоционалды интеллект, жеке қаржысын тиімді басқару, табыс пен шығыстарды жоспарлау, жинақ жасауды түсіндірген қаржылық сауаттылық, уақытты тиімді жұмсау, мақсат қою мен жоспар жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын ұсынған уақытты тиімді пайдалану және басқару, дұрыс тамақтанып, спорт жаттығуларын үнемі жасаған адам өнімді жұмыс істейтіндігін дәлелдеген салауатты өмір салтын сақтау, тәуекелдерге барып шешім қабылдау жолдарын анықтаған шешім қабылдау дағдыларымен таныстырды сондай-ақ тренинг жүргізуші докторанттар тарапынан тың ақпараттары берілді. Әр дағды бойынша перезентациялық таныстырылымдар, видео-роликтер көрсетілді, ойындар ойнатылды. Тренингте айтылған мәселелерді қорытындылау мақсатында сұрақ-жауап әдісі жүргізілді. Үздік, белсенді студенттер сыйлықтармен марапатталды.  Іс-шараға қатысушылар арнайы QR код арқылы іс-шараға өз пікірлері мен әсерлерін білдірді. Әсіресе Атамекенге білім іздеп келген қандастар осындай мәдени-танымды іс-шараға өте риза.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

1-курс докторанттары Г.К. Утепбергенова, Г.М. Мужигова, К.С. Сәбит,

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар