Түркияның http://spor.mynet.com/ сайты өз оқырмандарына сүйіншілі хабар жеткізіп отыр. Олардың жазуынша, біздің «Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры Түркияның «Галатасарай» футбол командасына 40 миллион еуро беретін көрінеді.
«Клуб формасының төсбелгісіндегі рекламаның кассаға әкелетін қаржысы 40 миллион еуро болмақ», - деп жазады http://spor.mynet.com/.

Айта кетерлігі, осыған дейін «Галатасарай» командасының басынан дау арылмай келіпті. Аталған сайттың хабарлауынша, қарызға белшесінен батқан команда «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорымен ғана әл жинайтын сияқты. «Шекербанк» арқылы жасалған келісім 5 жылға белгіленіп, алғашқы төлем 2015 жылдың басында жасалатын болыпты.