Күні кеше «Сән және дизайн» колледжінде орын алған апаттан түрлі дене жарақаттарын алған 12 студенттің 5-нің жағдайы тым ауыр»-деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға орын алған жерден қалалық ауруханаға жедел-жәрдем көлігімен 11 студент жеткізілген. Өз денсаулығына күдікпен қараған 1 студент кейіннен дәрігерлер көмегіне жүгінген. Қазір 5 студенттің жағдайы ауыр халде. 2 студентке ота жасалып, олар қазір жан сақтау бөлімінде, қалған 3 студентке ота енді жасалатындығы мәлімделіп, отадан соң оларда жан сақтау бөліміне жатқызылатындығын хабарлады. Қалған 7 студентке жараларын таңып, түрлі медициналық көмектер көрсетілуде. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Манас Рамазановтың мәлімдеуінше қалған 7 студент «жеңіл» контузия алған. Алдағы уақытта жапа шеккен студенттермен лор, невропологтар жұмыс істейді. Қазірге уақытта ата-аналарымен қоса психологтардың назарында. Алматы полиция бөлімшесң оқиғаға байланысты 2 бірдей қылмыстық іс қозғады. ҚР Қылмыстық кодекстің 251 тармағы бойынша(заңсыз қаруды қолдану, сақтау тасымалдау), екінші түрі 101 тармағы бойынша (абайсызда кісі өлтіріп алу) қарастыралады. Ал АӘД (Алғашқы әскери дайындық) пәнінің оқытушысын уақытша бір тәулікке қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қала әкімі Ахметжан Есімов мырза барлық оқу орындарындағы аталмыш пәнге қатысты «атыс құралдарын, оқ-дәрілерді» тексерістен өткізіп, олардың пән негізінде тұтынуға тыйым салатынын айтты. Бұл дегеніңіз, осы күнге дейін әскери дайындықта шын атыс қарулары қолданылып келеді дегенді білдірмей ме? А.Есімов қаза болған студент пен қалған жапа шеккен студенттерге материалдық тұрғыдан көмек көрсететінін жеткізді.
Орынбасар Бақытбек