АҚШ Иранға қарсы жаңа санкция енгізбекші

/uploads/thumbnail/20170718155319348_small.jpg

АҚШ Иранға қарсы жаңа санкция енгізбекші. Иранның ракеталық бағдарламасына байланысты әрекетіне Ақ үй осылай жауап бермек, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Иранды жасаған әрекеттеріне байланысты, соның ішінде барлық бағыттарда, ракета мәселесіне байланысты жауапкершілікке тарту мақсатында  жаңа санкция енгіземіз»- деді Ақ үй өкілі.

Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ президенті мен оның бас хатшысы Иранмен жасасқан «ядролық келісім» шартының жүзеге асырылу есебінде Иранды АҚШ үшін аса қауіпті мемлекет екенін атап көрсетпекші. Иранның Сирия президенті Башар Асадтың режимін қолдағанын, Израильге қатысты саясаты мен терроризмді қолдауы, АҚШ-қа қарсы кибершабуыл жасағаны және т.б бірқатар мәселелер бойынша Иранның жауластық қарым-қатынасының басым екендігін атап өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар