Жеңіс Қасымбек Металлургтерді мерекесімен құттықтады

/uploads/thumbnail/20170721134034987_small.jpg

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек металлургтерді мерекесімен құттықтады. Ол өзінің құттықтауын әлеуметтік жариялады.

"Бүгін индустрия саласының қозғаушы күші, ел экономикасындағы үлкен маңызға ие салалардың бірінде өлшеусіз қызмет атқарып келе жатқан Металлургтеріміздің кәсіби мерекесі. 
Тау-кен металлургия саласы асқан төзімділікті, кәсібилікті, үлкен жауапкершілікті қажет ететін мамандық болғандықтан, сіздердің қоғам алдындағы мәртебелеріңіз қашан да жоғары!
Мемлекеттік деңгейдегі қолдау мен металлургтеріміздің тынымсыз еңбегінің арқасында ТМК өндіріс көлемінде өсу үрдісі байқалатынын айтқым келеді. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы металл кенін өндіру көлемі 111,2%, темір кенін өндіру көлемі 108,5%, түсті металл кенін өндіру көлемі 111,9%, металлургиялық өнеркәсіптің өнімін өндіру нақты көлем индексі 107,9%, негізгі асыл және түсті металлургиялық өнеркәсіптің НИК-і 107,3%, қара металлургиялық өнеркәсіптің НКИ-і 109,1% құрады. Сондай-ақ, тау-кен металлургиялық компаниялар Мемлекет Басшысының берген тапсырмасына сәйкес өндірісті қайта жандандыру бағытында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. 
Құрметті, металлургтер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Металлургия саласы – ел экономикасының басты көрсеткіштерінің біріне айналып отыр. Дәл осы бағытта көптеген жұмыс орындарының ашылуы, жаңа инвестициалық жобалардың қолға алынуы – сіздерге деген мемлекеттің зор сенімінің көрсеткіші. Өндірісті қайта жандандырып, бұрын өндірілмеген өнімдер шығарып, жоғары сұранысқа ие өнім түрлерін арттырып, ел игілігі үшін қызмет ету жолында баршаңызға сарқылмас күш, қажымас қайрат тілеймін. "

Қатысты Мақалалар