Үй салатын 60 мың жер учаскесі коммуникациялық желімен қамтамасыз етіледі

/uploads/thumbnail/20170721130646837_small.jpg

Мемлекеттік бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау» деп аталатын екінші бағытын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй салатын 60 мың жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық желімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Тиісті желілер тартылған ең көп жер учаскелерін беруді Маңғыстау (15759 учаске) және Ақтөбе (11732 учаске) облыстарының әкімдіктері жоспарлап отыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 23,5 мың учаске инженерлік желімен қамтамасыз етілді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді желілермен қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың сомасы 45,5 млрд. теңгені құрайды»,-деп атап өтті министр.

Қатысты Мақалалар