Қазақстан өнеркәсібіне ИНДУСТРИЯ 4.0 элементтерін енгізуді әзірлеу жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды.
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның сарапшылары германиялық Фраунгофер Қоғамының (Fraunhofer-Gesellschaft) мамандарымен бірлесе отырып, бір апта бойы индустрияландыру саясатын құру үрдісіне қатысатын мемлекеттік органдардан, дамыту институттары мен басқа да мүдделі тараптардан сұхбат алды.
Сұхбат алу барысында сарапшылар өнеркәсіпте Индустрия 4.0 (IT технологиялары, өндірісті автоматтандыру және сандандыру және т.б.) элементтерін енгізуді қолдау бойынша ағымдағы жағдайды анықтау үшін мүдделі тараптардың бастамаларын анықтады. Ол үшін Фраунгофер мамандары Қазақстан өнеркәсібінің дайындық деңгейін бағалау әдістемесін әзірледі.