Мәліметтерге қарағанда Ирак әскери күші Ресейден 1 млрд. долларға 70 бірлік бронотехника сатып алған. Ресей Иракқа 70 шақты Т-90 танктерін өткізуге келісім жасасқан.
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның жазуынша бұл сан Иракқа жеткізілетін бронотехниканың бірінші бөлігі ғана. Келісімнің жалпы бағасы бір миллиард АҚШ долларынан да асып кетуі мүмкін.