Қазақстан тұрғындары бүгін түнде болатын айдың тұтылуын көре алады деп хабарлайды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ай 2014 жылы толықтай тұтылған болатын. Ал ғалымдардың айтуынша бүгін ай жартылай ғана тұтылады. Жартылай дегеніміз — жер көлеңкесінің қараңғысына толық Ай дөңгелегінің бір бөлігі бөленеді. Яғни түн басталған кезде ай толық болады, бірақ құбылыс дами келе, оның үлкен бөлігі жоғала бастайды
Айдың шала тұтылуы ай жердің көлеңкесіне енген уақытта басталып, 3,75 сағатқа созылады. Осы уақыттың орта шенінде ай толық тұтылып, ол 1,75 сағатқа созылады.
life.ru мәліметіне сүйенсек, Мәскеуде сағат 20:24 пен 22:19 аралығында тұтылады екен, ал Алматы уақытымен сағат 23:24 пен 02:19 аралығында тұтылады.
Пікір қалдыру