Нигерияда «Боко Харам» ұйымының шабуылынан 30-ға жуық адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170808082519987_small.jpg

Нигерияның солтүсік-шығысында «Боко Харам» радикалды ұйымның шабуылы салдарынан 31-ге жуық балықшы көз жұмды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жергілікті Франс Пресс агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, қарулы жауынгерлер сенбі күні Чад өзені бойындағы Дугури және Дабар Ванзам аралындағы балықшыларға шабуыл жасаған. Балықшылардың бірінің айтуынша, шабуылшылар екі топқа бөлінген.

Шабуыл әскери биліктің Чад өзенінен балық аулауға тыйым салғаннан кейін 1 апта өткен соң болған. Анықталғандай, «Боко Харам» балық аулаудан тапқан табысты ұйымның әскери кампаниясын қаржыландыруға жұмсайды.

Айта кетейік, Нигерияда «Боко Харам» атты радикалды ислам тобы жұмыс істейді. Ұйым жауынгерлері батыстық менталитетке қарсы шығып, мемлекетте шариғат заңдарының орындалуын талап етеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар