Елімізде ауа-райы күрт өзгереді деп күтілуде

/uploads/thumbnail/20170808085914501_small.jpg

Синоптиктер алдағы үш күнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл тұрады деп отыр. Кейбір өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ жаууы да ықтимал, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сөйтіп, шілденің аптап ыстығының беті қайтатын сияқты. Әсіресе, еліміздің солтүстігінде жауын-шашын көбейіп, жел тұрады. Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы +18-23 градусты көрсетеді.

Бір ай бойы түні қапырық, күні ыстық болған Батыс, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да күн райы өзгереді. Тұрғындардың мазасын енді соққан дауыл мен жауған бұршақ алуы мүмкін.

Ал Астанада айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Алматыға жауын тек аптаның соңында жауады. Қызылорда облысында дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде.

Қатысты Мақалалар