ҚМДБ: Діни ақпараттарды рұқсатсыз тарату – мұсылмандық әдепке жат

/uploads/thumbnail/20170808092232239_small.jpg

Соңғы уақыттарда интернет арқылы елімізде уағыз айтатын имам-ұстаздардан кімдердің уағыз-насихатын тыңдауға болады деген мазмұнда тізімделіп жасалған түрлі видеолар таралып жатыр. Аталмыш видеоларда еліміздегі біршама имам-ұстаздардың есімі мен суретін көрсетіп, осы кісілерден діни бағытта білім үйреніп, уағыз-насихаттарын тыңдауға болады делінген. Алайда белгілі болғандай, ҚМДБ бұл тізімдерден бейхабар болып шықты және де мұндай ақпараттарды рұқсатсыз тарату – мұсылмандық әдепке жат деп топшылайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

"Соңғы кездері әлеуметтік желілер арқылы елімізде уағыз-насихат айтуына рұқсат етілген дін мамандарының тізімі таралуда. Бұл тізімді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасамағанын ескертеміз!" – делінген хабарламада.

Тізімде ҚМДБ-ға қарасты имамдар мен ғалымдардан бөлек діни білімі жоқ тілшілер мен қоғам қайраткерлерінің де есімдері жазылған. Тіпті, діни білімді қайдан алғаны белгісіз адамдардың да аты-жөні көрсетілген.

«ҚМДБ Муфтият ұстаздар тізімі! ҚАЗАҚСТАНДА УАҒЫЗДАРЫН ТЫҢДАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН (КМДБ)ның АХЛИ СУННА ҰСТАЗДАРЫ», – деп басталатын (мәтін сол қалпында берілді) жазбаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі жұмыстарынан хабары жоқ адамның жазғаны байқалады. Діни басқарманың ресми рұқсатынсыз жазылған ақпараттық тізім жамағат арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Осы ретте уағызшылар тізімін жазған тұлғаның бұл әрекеті мұсылмандық әдепке жат екенін жеткіземіз.

ҚМДБ мамандары бұл сұрақ төңірегінде кез келген азаматтың сауалына жауап береді. ҚМДБ ел азаматтарынан мүфтиятқа қатысты ақпарат таратпауды талап етеді», – деп жазылған ҚМДБ ресми сайтындағы хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар