АҚШ мұсылмандары дискриманацияға тап болдық деп жан ұшыруда. Бұл туралы PEW Research Center порталының тұрғындар арасында жүргізген сауалнамасынан кейін анықталған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
РИА Новости порталының мәліметіне сүйенсек, 68% ер мұсылмандар мен 83% әйел мұсылмандардің айтуынша, АҚШ-та олардың дінін кемсітетін жағдайлар жиі орын алып тұрады. Мұсылмандардың 57%-ы соңғы жылдары жағдайдың тым ушыққанын айтқан.
64% мұсылман халқы мемлекеттің ұстанған бағытына көңілі толмайды. 74%-ы Дональд Трамптың мұсылмандарға қатысты ниеті теріс деп ойлайды. Сонымен қоса, 90% мұсылман өздерінің америкалық екеніне қуанатын көрінеді.
Сауалнама 2017 жылдың 23 қаңтарынан 2 мамырына дейін өткізілді. Оған АҚШ-та өмір сүретін 1000 мұсылман қатысқан.