Вашингтон Филиппинде «ДАИШ» террористік ұйымының позициясына сәйкес әуе соққылары қарастырылатын әскери операция бастауы мүмкін екені америкалық NBC арнасында хабарланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Телеарна мәліметіне сәйкес, жоспар Пентагонға, қаралымға жіберілген.
Әуе соққысы үшін ұшқышсыз әуе көлігі пайдаланылады. NBC-ның мәліметіне сүйенсек, операцияның басталуы жөнінде жақын күндері ресми хабарланады. Операция барысында АҚШ-тың одақтастарына сес көрсететін жауынгерлерге соққы жасауды қарастырады.
Дүйсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Филиппинге исламшылдарға қарсы операция үшін бірнеше ұшақ жібергенін мәлімдеген. Оның сөздеріне қарағанда, Вашингтон Манилаға «нұсқаушы және ақпарат көмегін» беруден бас тартып, Cessna компаниясы өндірген бірнеше ұшақты пайдалануға береді. Тиллерсон сол күні-ақ Манилада Филиппин президенті Родриго Дутертемен кездесті.
«ДАИШ» террористік ұйымының ашық жақтастары болып отырған «Муте» тобының исламшылдары 23 мамырда Манилаға кіріп келіп, «Оңтүстік-Шығыс Азияда ДАИШ халифатының құрылуы басталғанын» мәлімдеген. Билік әскері авиация, қарулы күштер және арнайы тағайындалған күштердің арқасында қаланы толығымен өз бақылауларына алды, алайда барлық экстремистерді таратуға қауқары жетпеді.
Пікір қалдыру