Пхеньян жаңа санкцияға қарсы шара қолданатынын ескертті

/uploads/thumbnail/20170808110513584_small.jpg

КХДР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа санкция енгізу туралы шешіміне қарсы шара қолданатынын ескертті. Бұл туралы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әлемді қолдау Комитетінің мәлімдемесінде жазылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Пхеньян БҰҰ жаңа қарарын «террорлық актіге теңеді».

5 тамызда БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейтетін қарар қабылдады. Енді Солтүстік Корея көмір, темір, қорғасын және теңіз өнімдерін экспорттай алмайды. КХДР-ның банктердегі сыртқы сауда шоттары тоқтатылды. Солтүстік Кореяның теңіз кемелері барлық елдерге келе алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 29 шілдеде КХДР «Хвасон-14» баллистикалық зымыранын ұшырғанын растады. Сынақ көрші елдерге ешқандай қауіп төндірмейтінін, бұл АҚШ-қа ескерту ретінде ұшырылғаны хабарланды.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар