Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің күн тәртібі Тегеранда анықталады

/uploads/thumbnail/20170808112139146_small.jpg

Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздердің күн тәртібі Тегеранда өтетін елдердің бітімге келуі отырысында анықталады. Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Жоспарға сәйкес, бұл күндері Тегеранда Сирия бойынша Астана процесінің шеңберінде кепіл-мемлекеттер сарапшыларының кездесуі өтеді. Кездесу барысында Астанада өтетін келіссөздердің келесі кезеңінің күн тәртібі анықталады. Келіссөздер тамыздың аяғына жоспарланады, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ», – деді Әбдірахаманов.

Айта кетейік, Сирия бойынша Астанадағы бесінші халықаралық кездесу 4-5 шілдеде өткен. Кездесу қорытындысына сәйкес, ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепіл-мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркия – әрі қарай мақұлдау мақсатымен Сирияда жанжалды тежеу аймақтарының параметрлерін регламенттейтін құжаттарды қарастырды. Сондай-ақ Сирияда жанжалды тежеу аймақтарын құру туралы меморандумға сәйкес гуманитарлық көмектің кедергісіз қатынауын, инфрақұрылым объектілерін қайта қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар